Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы.

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты «Айсұлтан-1» балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз жұмысын 2013 жылдың маусым айының 25-ші жұлдызында бастады.«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28 мамырдағы № 488 Қаулысымен бекітілген «Балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан»аясында ашылды.

Мемлекеттік тіркеу 2013 жылдың 25 маусымда бизнес сәйкестендіру 130640019494 нөмері берілді

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты «Айсұлтан-1» балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2016 жылдың маусым айының 1 жұлдызында бұйрығы негізінде меңгерушісі етіп Пернешеева Гүлжахан тағайындалды.

«Айсұлтан-1» балабақшасы Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Шымкент қаласы Абай ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы Ұлттық эканомика министірінің 2015 жылғы 30 мамырдағы №415 бұйрығымен бекітілген №017/е нысанды медициналық құжаттамасы. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемалогиялық талаптары санитарлық талаптарға сай келеді.

Балабақша өз жұмысында Қазақстан Республикасын,Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Еңбек Кодексін т.б нормативтік-құқықтық актілерін,мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымының жарғысын басшылыққа алады.

Шымкент қаласы Білім басқармасы «Айсұлтан-1» балабақшасы ЖШС Жарғысы негізінде Шымкент қаласы Әділет департаменті Абай ауданының Әділет басқармасының 2013 жылғы 25 маусымы алғашқы тіркеу күніндегі құжаты Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы БСН 130640019494 бизнес сәйкестендіру нөмеріне сәйкес анықтамасы берілген.

Жұмыс мемлекеттік тілде жүргізіледі. Жобалық қуаттылығы 75 орын, сиымдылығы 75 балаға арналған 3 топ ұйымдастырылған, онда тізімі бойынша бала саны 75 құрайды. Әр топ толық жабдықталған ойын бөлмелері, жатын бөлмелер мен тазалық гигиеналық орындар бар.

Аула ағаштарымен көгалдандырылған, таза ауада ойнап, өсу жағдайы қарастырылған, және ойын алаңы,серуендеуге арналған арнайы орындар бар.

Әрбір топта жеке жатын, ойын, әжетхана және ас тарататын бөлмелері бар.

Арнайы бөлінген даладағы алаңдардағы ойын құралдары орналасқан.

Су, жылу,электр, интернет желісі толық талапқа сай қарастырылған. Жұмыс уақыты 10,5 сағат (8.00-18.30 дейін) 5күндік. Арнайы асхана, ас тарату бөлмесі бар. Қойма, кір жуу, от жағу бөлмелері орналасқан. Ас дайындау,кір жуу бөлмелері, азық-түлік сақтау қоймалары қажетті техникалық құралдармен жабдықталған.

Біздің балабақшаға қош келдіңіздер!