Қауіпсіздік

Балабақша ғимараты ішкі және сыртқы бақылау бейне камераларымен жабдықталған. Күні бойына балабақша қызметкерлерінен кезекшілік ұйымдастырылған. Сіздің балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күннің аяғында балаларды алып қайту құқығы бар тұлғалар қадағаланады.

Техникалық жарақтану
1.Топтың ойын бөлмелері және дәліздер бейне бақылауда.
2. Өртке қарсы сигнализация жұмыс жасауда.
3. OTAU TV және ересек топтар интерактивті тақтамен жабдықталған.
4. Барлық топ су жылыту құрылғысымен қамтамасыз етілген.